ШҚО-да орман алқаптары өртеніп жатыр
ШҚО-да орман алқаптары өртеніп жатыр
Фото: altaynews.kz
247
оқылды
Шығыс Қазақстандағы Ұлан ауданында орман алқабы өртеніп жатыр. Altaynews-тің хабарлауынша, таулы аймақтан шыққан өрт 50 гектар алқапты шарпыған.  Қазір тілсіз жаумен күреске  МИ-8 тікұшағы  жұмылдырылған. Сондай-ақ ҚазАвиаОрманКүзеті мекемесінің десанттары мен жергілікті орманшылар да өртті ауыздықтауға тырысып жатыр. ТЖД қызметкерлерінің айтуынша қатты жел салдарынан өрт жылдам таралып жатыр. Алайда әзірге елді мекендер мен ауыл аймаққа төнген қауіп жоқ.
«Өрт шыққан аумақта МИ-8 тікұшақтары жұмыс істеп жатыр. Әуе арқылы су жеткізуді қолға алдық. Өртті сөндіруге ҚазАвиаОрманКүзеті десанттары, жергілікті орманшылар мен құтқарушылар жұмылдырылды. Бірінші кезектегі міндет – жалынның таралуын тоқтату. Қазір шұғыл қызмет жұмысына екпіні секундына жеті метрге жететін жел кедергісін келтіруде, - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
https://www.youtube.com/watch?v=io4Ym8HqI2o