Селфи жасамақ болған павлодарлық қыз жансақтау бөліміне түсті
Селфи жасамақ болған павлодарлық қыз жансақтау бөліміне түсті
©nege.kz
288
оқылды
Павлодарда 18 жастағы бойжеткен пойыздың төбесінде селфи жасамақ болып, токқа түсіп, күйіп қалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.  "18 жастағы бойжеткен электр тогынан қатты жарақаттанған. Денесінің оң жақ бөлігін термиялық күйік шалған. Сонымен қатар II-III дәрежелі шок алып, басының жоғарғы жағы қатты көгеріп қалған" – деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың денесінің 50 пайызы, яғни денесінің оң жағы мен аяқ-қолы күйіп қалған. Оқиға Жолқұдық вокзалында болған. Бойжеткен селфи жасағысы келіп, вагон үстіне шығып кеткен. Сөйтіп, ол Жолқұдық вокзалының маңында электр энергиясынан жарақат алған.