Әйелдерге көліктің алдына отыруға тыйым салынды
Әйелдерге көліктің алдына отыруға тыйым салынды
©24.kz
638
оқылды
Түрікменстан астанасы Ашхабадта жергілікті әйелдерге көліктің алдына отыруға тыйым салынды. Бұл туралы жергілікті turkmen.news басылымы хабарлады. Жүргізушінің жанында ер туысы болса да, отыруға тыйым салынады. – Әңгіме мемлекеттік немесе жеке таксилер туралы ғана емес. Ең сорақысы – қасыңда әкең болсын, ағаң болсын, күйеуің болсын, жүргізушінің қасында әйел отырмауы керек. Егер әйелдің көлік алдында отырғанын көрсе, тоқтатып, кері кетуге мәжбүрлей алады, – дейді Ашхабад тұрғыны. Сонымен қатар артта әйел отырған кезде оның қасына тек бір адам отыра алады. Артқы орындықта үшеу болып отыруға да тыйым салынған. Айта кетейік, 2018 жылы Түрікменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды.