Маңғыстауда шаңды дауыл салдарынан жол жабылды
Маңғыстауда шаңды дауыл салдарынан жол жабылды
Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" жол учаскесі жабылды.
"Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты жол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды. Атап айтқанда, "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 647-712 шақырымында көліктерге жүруге болмайды. Бұл Шетпе-Жетібай учаскесі" делінген Қазавтожол хабарламасында.
Ауа райы қолайсыздығынан жол қозғалысына шектеу бүгін сағат 13:30-дан бастап (Нұр-Сұлтан уақытымен) енгізілді.