Түркістан облысында 200 қаржы пирамидасы анықталды

Түркістан облысында 200 қаржы пирамидасы анықталды

Биыл Түркістан облысында 200 қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы облыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті Тергеу басқармасының басшысы Жандос Кенжебаев айтты, – деп хабарлайды inbusiness.kz. Алаяқтарға 586 жергілікті тұрғын 80 млн теңгесін берген.

«Өңірде 200 қаржы пирамидасының жолы кесілді. 2019-2021 жылдары WhatsApp мессенджері арқылы пайда тапқан «Айналайын жобасы 50%», «Асыл Инвест», «Оборот 30%» және «30% за 3 дня» секілді қаржы пирамидалары анықталды. Олардың әрекетінен 300-ден аса адам зардап шекті, 24 млн теңге шығын келді. Пирамидаларды ұйымдастырғандар бас бостандығынан айырылды», – деді Жандос Кенжебаев.
Бұған дейін қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел астанада өзін-өзі өртеп жіберген болатын.