Ұлттық банк: сәуір айында шетел валютасына сұраныс азайды  
Ұлттық банк: сәуір айында шетел валютасына сұраныс азайды  
Фото: mail.kz
277
оқылды
Сәуір айында теңге бағамы 1 доллар үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Сәуір айында шетел валютасына сұраныстың азайғаны байқалды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,9 млрд АҚШ доллары болған кезде сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі 179 млн АҚШ долларынан 92 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті, олар ішкі валюта нарығында шамамен 253,2 млн АҚШ доллары болды. Сәуір айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату 168,3 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 8,7%-ы болды. Ішкі валюта нарығында ахуалдың тұрақтануы аясында Ұлттық банк сәуірде валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату операцияларын жүргізген жоқ. Теңге бағамының тұрақсыздығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі нарықтағы сұраныстың құбылуы және әлемдік нарықтағы ахуалға байланысты болады.