Қазақ-қырғыз шекарасында 1,1 миллион жалған акциздік марка тәркіленді
Қазақ-қырғыз шекарасында 1,1 миллион жалған акциздік марка тәркіленді
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті
285
оқылды
Қазақстан шекарасында Қырғыз Республикасынан келе жатқан жүк көлігінен Беларусь Республикасына тиесілі 1,1 млн жалған акциздік марка анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.   Шекарадан заңсыз тауар алып өтуге оқталатындардың қарасы азаймай отыр. Жасырын жолмен тауар алып өту фактілері әлі де кездеседі. «Атап айтқанда, биыл 28 сәуірде Қырғыз Республикасынан келе жатқан жүк көлігін тексеру кезінде Беларусь Республикасының 1,1 млн жалған акциздік маркасы анықталды», – деді комитет өкілі. Комитеттің мәліметінше, қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты іс бойынша материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. Сонымен қатар аталған көліктен 2 мыңнан астам декларацияланбаған тауар (бейнебақылау жүйесі, киім-кешек және спорттық құрал-жабдықтар) табылды.