Жамбыл облысында әскерде көз жұмған сарбаздың отбасына материалдық көмек көрсетілетін болды
Жамбыл облысында әскерде көз жұмған сарбаздың отбасына материалдық көмек көрсетілетін болды
© inaktau.kz
234
оқылды
Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында көз жұмған маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбайдың отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, – деп жазады nehabar Телеграм-каналы. 
"Жамбыл облысында әскерге барғаннан кейін көз жұмған мерзімді қызметтегі сарбаздың отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Әлібек Қалбайдың отбасына 500 АЕК (1 млн 531 мың 590 теңге), жерлеуге 80 АЕК (245 040 теңге) көлемінде қаражат бөлінеді", – делінген хабарламада.

Бұған дейін әскерде қайтыс болған сарбазға қатысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасаған болатын.