Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтарын қорғау, білім беру, ақпараттандыру мәселелері бойынша заңдағы түзетулерге қол қойды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", – делінген хабарламада.Еске салайық, Сенат халықтың сынынан кейін заң жобасына өзгерістер енгізген болатын. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілердің және мессенджерлердің жұмысын өз қалауы бойынша шектей немесе тоқтата алмайтынын және тек балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға болатынын айтқан.