Алматыда зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Алматыда зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды
170
оқылды
Алатау ауданының полицейлері зейнет жастағы әйелді ұрған ер адамды ұстады.
«Алатау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері арнайы шаралар жүргізу барысында күдіктінің тұлғасын анықтап, оны полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда аталған тұлғаға қатысты арнайы тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оның әрекетіне тиісті баға беріліп, заңды процессуалды шешім қабылданады», - деп хабарлады Алатау ауданының прокуратурасынан.
Ведомство мәліметінше, 74 жастағы әйелді өзінің 50 жастағы ұлы ұрған. Оқиға ғимараттардың бірінде орналасқан бақылау камеларына түсіп қалған. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.