Барлықтарыңыз Түркияның құрметті елшісісіздер
Барлықтарыңыз Түркияның құрметті елшісісіздер
185
оқылды
Түркияда білім саласында жасалған түзетулерден кейін шет елдік студенттерің саны жыл сайын артып келеді. Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайып Ердоған тарапынан тікелей жасалған түзетулер кейбір ұйымдар тарапынан іске асырылуда. Өткен айларда осы мәселелер бойынша Ердоған шет елдік студенттерге сүйінші хабарлар айтты.

МЕКЕН ЖАЙҒА ТІРКЕЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ТІКЕЛЕЙ УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖАСАЛЫНАДЫ

Ердоған тұрғын жайға Ердоған мекен жайға тіркелу кезінде қиындықтарға ұшыраған студенттер туралы былай деді: «Қонақ студенттеріміз әр кезең бойынша мекен жай анықтамасын жаңалап отырулары керек. Ішкі Істер Министрлігіне қарасты Көші Қон Полициясы тарапынан берілетін тұрғын жай куәлігі үшін Көші Қон Полициясында студенттер бірқатар қиындықтарға тап болады. Бұдан былай 200 мыңнан астам қонақ студенттеріміз тұрғын жай куәліктерін Көші Қон Полициясына бармастан тікелей университеттен алалады. Осылайша жұмыс тез әрі оңай іске асырылады. Тағы бір түзетудің бірі ол Жалпыға Ортық Денсаулық Сигортасы (SSG). Енді студенттеріміз бұрынғыдай 3 ай күтпестен лезде Жалпыға Ортық Денсаулық Сигортасын жасата алады.» ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ РҰҚСАТ БЕРМЕУ МӘСЕЛЕСІН АЛЫП ТАСТАДЫҚ Жұмыс істеуге рұқсат берілмеу мәселесі туралы Ердоған студенттерге сүйінші хабар айтты: «Тағы бір маңызды мәселенің бірі жұмыс істеу мәселесі. Осыдан алдын қонақ студенттердің жұмыс істеулеріне рұқсат берілмейтін еді. Біз сол бойынша дайындықтарға бастадық. Нәсіп етсе, һәм студенттер һәм түлектер үщін жұмыс істеуге рұқсат берілмеу мәселесін шешеміз.» ӨЗ АНА ТІЛІҢІЗДІ, МӘДЕНИЕТІҢІЗДІ ҚОРҒАҢЫЗ Қонақ студенттерге Қонақ студенттерге өз насихатын айтқан Ердоған, «Осы жерді бірге толтырмасақ терроризм және отаршыл елдердің отарлауларымен күресе алмаймыз. Әр мәдениеттің иелері ретінде өз болашағымызды өзіміз жасаймыз. Сізден өтінерім, өз ана тілдеріңізді, өз мәдениетіңізді, тарихыңызды қорғаңыз. Өз балаларымыздың болашағы туралы не ойласақ, сіздер туралы да соны ойлаймыз» деп өз сезімін тілмен жеткізді. ҚҰРМЕТТІ ЕЛШІЛЕРІМІЗ «Әркіммен байланысу, «Әркімнен хабар алу, әркімге қолдау көрсету әрине мүмкін емес» деген Президент Режеп Тайып Ердоған: «Бірақ егер сіздер өз араларыңыздағы достықты мықты ұстасаңыздар, біз де қолымыздан келген қолдауды көрсетіп, барлық мәселелердің шешімін табуға тырысамыз. Сіздерің әр біріңізді өз елдеріңіздің таңдаулы және құрметті елшілері деп білеміз. Түркияны екінші отандарыңыздай көргендеріңіз үшін үлкен алғысымызды айтамыз. Өз елдеріңізге қайтқанда әр біріңізді мақтанышпен біздің құрметті елшілеріміз ретінде көретінізден күмәнданбаңыздар. Осы достықты қаншалықты үлкейтсек барлығымыз соншалықты мықты боламыз деп сенеміз» МАҚСАТЫМЫЗ ШЕТ ЕЛДІК СТУДЕНТТЕР САНЫН 350 МЫҢҒА ШЫҒАРУ Түркияда 200 мың қонақ студенттер бар екенін айтып өткен Ердоған өз сөзін былай жалғастырды: «Мақсатымыз осы санды 350 мыңға шығару. Осылайшы әлемдегі ең көп қонақ студенттерді жинаған 5 ел қатарына кіреміз. «Түркия Стипендиялары» бағдарламасы өз алдына күн сайын даму арқылы бір марка дәрежесіне жетті. Өз еңбектеріміздің жемістерін жинауға бастадық. Бұрындары әр жыл ашылатын 4 мың стипендия квотасы үшін 8 мыңнан астам құжат тапсырылатын еді. Қазір болса 5 мың квота үшін 120 мың құжаттар тапсырылады. Себебі, біз құжат тапсыру жолдарын жеңілдеттік. Әрине, осы заман ішінде өз саласында сапалы, білікті мамандармен бірге технология мүмкіндіктерін де қолдандық. Еліміздің сыртқы саясатына сүйене отырып стипендия бағдарламаларында үлкен тәжірибие жинадық. Көптеген cтуденттеріміз де жақсы жетістіктерге жетті. Студенттеріміздің жетістіктерінде де көптеген жаңалықтар аштық. «ТҮРКИЯ ШӘКІРТАҚЫЛАРЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия шәкіртақылары туралы төмендегі сөздерді сөйледі: «Түркияның ұсынған шәкіртақыларымен оқуын бітіріп, бүгін еліне қамқоршы болып отырған саясаткер, іскер, ғалым және мемлекеттік қызметкерлердің саны 70 мыңнан асты. Ара-тұра іс-сапармен барған елдерімізде осы кісілермен кездесіп, жеткен жетістіктеріне шын қуанып жатамыз. «Түркия шәкіртақылары» бағдарламасымен қатар Түркияның «Маариф» қоры да білім беру саласындағы қызметтерінің арқасында бауырлас елдердің болашағы үшін айтарлықтай үлес қосып келеді. TİKA мен Юнус Эмре институтымыз да өз салаларында табысты жобалар жүзеге асыруда. Шетелден келіп, Түркия шәкіртақысымен де, өз қаражатымен де білім алып жатқан жастарды еліміздің сырт елдердегі ерікті елшілері ретінде қабылдаймыз. Соңғы 12 жылда университеттеріміздің санын 76-дан 209-ға дейін арттырып, 8 миллионнан астам студент қабылдауға жағдай жасап, олардың жатақхана және шәкіртақы қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, осы салада маңызды жұмыстар жүргіздік. Бұл салада жасаған маңызды қадамдарымыздың бірі – «Түркия шәкіртақылары» жобасы. Бұрындары түрлі ұйымдардың түрлі атпен берген шәкіртақыларын 2012 жылдан бастап «Түркия шәкіртақылары» атымен біріктірдік. Бұрын оқуға түсуге 5-6 елден 8 мыңның шамасында ғана өтініш келетін болса, бүгін 182 елден 100 мыңға жуық өтініш келуде. Бұл қысқа уақытта жеткен үлкен жетістігіміздің көрсеткіші. 14 мыңнан астам африкалық бауырларымыз Түркия шәкіртақылары жобасынан пайдаланды».