Көптеген салада, әсіресе денсаулық сақтау және инженерия саласында сапалы білім беретін Түркияда шетелдік студенттер Жоғары білім беру кеңесінің кепілдігімен оқуларын жалғастыруда.
Түркияның жоғары білім беру жүйесі 207 жоғары оқу орны, 8 милионнан астам студент және 180 мыңнан астам профессор-оқытушылық құрамымен Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде жетекші орынға ие. «Саннан сапаға өту» бойынша білім беру мен оқыту сапасын аттыруға бағытталған кешендік зерттеулер мен жобалау бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп келеді.
1981 жылы құрылған Жоғары білім беру кеңесі (YÖK) барлық жоғары оқу орындарын бір шаңырақ астына жинап, білім сапасын арттыруға күш салып келеді. Бүгінгі таңда YÖK негізінен жоғары білім берудегі стратегиялық жоспарлауға, университет аралық қатынасқа жауапты және осы саладағы зерттеулерді жүргізуге маңыз беріп келеді.
ЕУРОПАҒА ЖОЛ САЛУДА
Жоғары білім беру кеңесі жоғары білім беру саласында жаһандану болашақ үшін инвестиция екендігін біле отыра студент, академиялық қызметкерлер және корпоративтік мүддесі бар тараптар үшін тұрақты түрде даму жолдарын ұсынады. Соңғы бірнеше жылда Түркияның жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттердің саны айтарлықтай өсті. Түркияда жоғары білім алуды тандаған шетелдік студенттер түрлі салада еуропалық стандарттарға сай білім алу мүмкіндігіне ие.
Екіншіден, Түркия Кредиттерді аудару мен жинақтаудың Еуропалық жүйесі сертификатын (ECTS Label) алған университтер саны бойынша 2009-шы жылдан бүгінгі күнге дейін Еуропалық білім беру кеңістігі елдері арасында әрдайым бірінші орынды иеленіп келеді. Студенттерге оқуларын аяқтағаннан кейін берілетін диплом бүкіл Еуропада мойындалып қана қоймайды, сонымен қоса әлемнің көптеген жетекші елдерінде мансаптарын жалғастыруға мүмкіндік береді.
УНИВЕРСИТЕТТЕРДЕГІ ҚҰРЫЛЫМДАР
YÖK-ке қарасты жоғары оқу орындарының құрылымдары және оқыту бөлімшелері төмендегідей:
Факультет: кафедралардың ғылыми-зерттеу және ғылыми жарияланым қызметіне басшылық жасайтын ЖОО-ның оқу-ғылыми және әкімшілік бөлімшесі. Студенттер кемінде төрт жыл созылатын білім беру бағдарламасының соңында бакалавриат дәрежесін алады.
Институт: университеттер мен факультеттерде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді, ғылыми зерттеулер мен тәжірибені бірнеше ұқсас және сабақтас пәндер бойынша жүргізетін жоғары оқу орны. Институттар магистратура мен докторантура бойынша ғылыми дәрежелер береді.
Төрт жылдық орта мектеп (колледж): Белгілі бір мамандық бойынша білім беру мен оқытуға бағытталған және кемінде 4 жыл оқытатын ЖОО.
Консерватория: Музыка және орындаушылық өнер бойынша әртістерді дайындайтын және оқу мерзімі 4 жылдан кем емес ЖОО.
Кәсіптік мектеп: Белгілі бір мамандық бойынша 2 жылдық білім беретін оқу орны.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік орталық: ЖОО-да білім беруді қолдау мақсатында түрлі салалар бойынша қолданбалы қажеттіліктерге және кейбір кәсіптерді дайындау және қолдау іс-шараларына арналған білім, тәжірибе және зерттеулер жүргізетін ЖОО.
STUDY İN TÜRKİYE
«Study in Türkiye» - шетелдік студенттерге Түркияның ЖОО жайлы ақпарат беретін YÖK-тің веб-сайты (www.studyinturkiye.gov.tr/). Сайтта арнайы іздеу жүйесі арқылы студенттер білім тіліне, түріне (күндізгі немесе қашықтықтан), қаласына немесе мамандығына сәйкес ең қолайлы университетті таңдай алады. Сайтта Түркияның жоғары білім беру жүйесі туралы жалпы мәліметтермен қатар шәкіртақылар, халықаралық студенттердің тәжірибелері, өмір сүру жағдайлары, түрік мәдениеті сияқты әртүрлі мәліметтер де бар. Веб-сайт 3 тілде: түрік, ағылшын және араб тілдерінде қызмет көрсетеді.
ҚАНДАЙ ШАРТТАР БАР?
Шетелдік студенттер Түркия университеттеріне қалай тіркеледі? 2023 жылдың қаңтар айынан бастап ÖSYM тарапынан түрік, неміс, араб, француз, ағылшын және орыс тілдерінде Түркияға шетелдік студенттерді қабылдау емтиханы (TR-YÖS) өткізілетін болады. YÖK тарапынан ЖОО-на аты аталған емтихан нәтижелерін шетелден студенттерді қабылдау барысында қабылдау ұсынылды. Дегенмен, әр университет оқуға қабылдау шарттарын өздері белгілейді (ұлттық және халықаралық емтихандар, орта білім дәрежесі, орташа балл және т.б.). Жылдық оқу ақысының ең төменгі және ең жоғары мөлшері Президенттің қаулысымен бекітіледі. Университеттер әр мамандық үшін оқу ақысын өздері белгілейді. Жеке меншік университеттерде оқу ақысын сол университтердің уәкілетті кеңестері белгілейді.
ЖАҢА БАСТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
YÖK ұсынатын халықаралық қолдау бағдарламалары төмендегідей:
Мәулана студент алмасу бағдарламасы: Мәулана студент алмасу бағдарламасы халықаралық студенттерге де, Түркия университеттерінде оқитын студенттерге де шетелде білім алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама Түркия ЖОО мен басқа елдердегі ЖОО арасында студенттер мен оқытушылар алмасуға мүмкіндік беріп, студенттердің шыққан жеріне қарамастан әлемнің түкпір-түкпірінде оқуға мүмкіндік береді. Студенттер шетелде бір немесе екі семестр оқи алады.