Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион атанды
Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион атанды
Қазақстандық Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Головкинге бұл мәртебе ұйымның сәуірде жаңартылған рейтингінде берілген. Өткен айда қазақстандық боксшы жапон Риота Муратаны нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтті. Айта кетейік, орта салмақтағы әлем чемпионы - кубалық Эрисланди Лара. Рейтингте ұлыбританиялық кіші Крис Юбенк көш бастап тұр, мексикалық Хайме Мунгия екінші, аргентиналық Серхио Мартинес үшінші орында. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы жетінші орында.