Әлемге Түркияның көңілін жеткізуші: Анадолу агенттігі
Әлемге Түркияның көңілін жеткізуші: Анадолу агенттігі
102 жыл бойына жаһандық журналистиканың бағыт-бағдарын айқындап келе жатқан Анадолу агенттігі әлем бойынша мыңдаған қызметкерімен Түркияның және әлемнің түкпір-түкпірінен келген жаңалықтарды төрткүл дүниедегі жариялап келеді. Әлемнің 41 елінде кеңсесі және 100 елінде өкілдігі бар Анадолу агенттігі Түркиядағы және әлемдегі маңызды оқиғаларды 13 тілде ұсынада. Агенттік әлемнің түкпір-түкпірінде, әсіресе Еуропада, Америкада, Таяу Шығыста, Африкада және Азия-Кавказ өңірінде ауқымды ақпарат тарату қызметін жүзеге асыруда. 2021 жылдың 7 сәуірінен бастап басқарма төрағалығы және бас менеджерлік қызметіне Сердар Карагөз келген Анадолу агенттігі бір жылдағы хабар жариялау мүмкіндігін 2,1 миллионға жеткізу арқылы сапасы жағынан да, саны жағынан да әлемнің жетекші ақпарат агенттіктерінің біріне айналды.

Анадолу агенттігінің білім беру саласындағы миссиясы: Жаңалықтар академиясы

Анадолу агенттігі Жаңалықтар академиясында болашақ журналистерді дайындайды. Өзінің білікті оқытушылары мен беделді журналистерінің арқасында теориялық және тәжірибелік білім беретін Жаңалықтар академиясы ақпараттық қызмет берудің біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Агенттік ең қиын шарттарда ақпарат тарату қызметін ұсынатын соғыс тілшілеріне арналған «Әскери тілшілік мектебі» бағдарламасын ұйымдастырып, әлемнің түрлі елдерінен келген 436 баспасөз қызметкеріне осы салада білім берді.

Жаңа мансап жүйесі: Kariyer XYZ

Әлемнің 142 елінде қызмет көрсетуінің арқасында мықты адам ресурстарына ие Анадолу агенттігі жаңадан құрған Kariyer XYZ жүйесі арқылы қызметкерлерінің мансабын кәсіби және жүйелі түрде басқаруда. Анадолу Агенттігі https://kariyer.aa.com.tr/ парақшасынан жұмысқа тұруға өтініш қабылдай отырып, өз саласында заманауи түрде қызметке алу, адам ресурстарын және қызметкерлердің мансабын басқару қызметтерін жүзеге асырады.

Анадолу агенттігінің әлемдегі өкілі: Anadolu Agency

Анадолу агенттігі әлемдегі ықпалын бұрынғыдан да арттыруда. Әсіресе Ресей-Украина соғысы секілді маңызды оқиғаларда әлемге ақпарат таратқан агенттік жақында Istanbul Photo Awards сынды халықаралық байқау ұйымдастыруымен жаһандық аренада үздіктердің қатарынан орын алды. Агенттік әлемге ықпалын Ыстамбұлда құрған орталығынан бастау арқылы қызмет аясын біртіндеп кеңейтуді көздеп отыр.

Үш жаңа қосымша: Жасыл желі, Өшпенділік желісі және Ескерту желісі

Анадолу агенттігі өз саласында жүзеге асырған үш жаңа қосымшасының арқасында жаһандық деңгейде жаңа алаңдар бойынша әлем журналистикасына бағыт-бағдар көрсетуде. Жасыл желі - алдағы жылдары әлем бойынша ең маңызды күн тәртібін қалыптастыратын және әсері барған сайын артып келе жатқан климаттың өзгеруі және жалпы экологияға қатысты мәселелерде халықаралық аренада орын алған оқиғаларды әлемге жариялайды. Соңғы жылдары әлем бойынша артып келе жатқан нәсілшілдік, гендерлік теңсіздік, жалпы өшпенділік, мұсылмандарға қарсы өшпенділік және ксенофобияға қарсы күрес Өшпенділік желісі арқылы тіркелінетін болады. Ескерту желісі болса факт-тексеру әрекеттерімен күнделікті өмірде және әлеуметтік желілерде тараған ақпараттардың дұрыстығын тексеріп, нәтижесінде алынған мәліметтерді жұртшылықпен бөлісетін болады.