Түркияның білім орталығы: Ыстамбұл университеті
Түркияның білім орталығы: Ыстамбұл университеті
541
оқылды
Ыстамбұл университеті Түркияның ең тарихи университеті болып табылады. Университет оқу-ағарту және ғылыми-зерттеу саласындағы үздіктігінің арқасында заманауи пікір мен іскерліктің орталығына айналып, әрдайым қоғам алдындағы адал еңбегін жалғастырып келеді. Факультеттері, зерттеу орталықтары, профессорлық-оқытушы құрамы, студенттері, барлық бөлімдері мен тиесілі бөлімшелері әр салада маңызды жаңалықтар ашып, университетіміздің беделін күн өткен сайын арттыруда. Университетіміздің әрбір мүшесі еліміздің гүлденіп дамуы үшін өз үлесін қосуда. Зерттеу орталығы ретінде зерттеулерге атсалысып, жаңалықтар ашып, халықаралық жобалар мен патенттерге ие болуда. Әрдайым әлемнің ең үздік оқу орындарының қатарынан орын алатын университетіміз өзінің жинаған тәжірибесімен «Өткеннен болашаққа білім көпірі» ұрынымен болашаққа нық қадамдар атып келеді. 17 факультет, 14 институт, 2 колледж, 2 кәсіптік мектеп және 682 оқу бағдарламасының арқасында Түркияның үздік университеті болып табылатын Ыстамбұл университеті өз алаңында беделді 4 мың 159 профессор-оқытушы және 6 мың 77 әкімшілік қызметкерлері мен еліміздің болашағы болып табылатын студенттеріміз үшін жұмыс істеп келеді. Университетіміз Түркияның 11 зерттеу университетінің бірі ретінде 77 қолданбалы зерттеу орталығы, 145 зертханасы және 783 зерттеу жобасымен қоғамға қызмет етіп, ғылым жолында өз қызметін жалғастыруда. 150-ден аса елден 10 мыңға жақын шетелдік студенті бар Ыстамбұл Университеті студент алмасу бағдарламаларының арқасында халықаралық білім орталығына айналды. Университетіміздің 80% ғимаратында мүгедектердің еркін жүріп-тұруына барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар университетіміз өзінің қоршаған ортаны қорғау ұстанымдарына сәйкес «ең жасыл университет» атағын да жеңіп алды.

Әлемнің үздік 500 университетінің қатарында орын алған жалғыз түрік университеті

Университетіміз әлемнің ең мықты университтерін көрсететін 2021-шы жылғы ARWU (Academic Ranking of World Universities) рейтингінде үздік 500 университеттің қатарынан орын алған жалғыз түрік университеті болды. Бұл университетіміздің соңғы 18 жыл бойына көрсетіп келе жатқан тұрақты көрсеткіші. Бұдан да бөлек CWTS LEIDEN (Centre for Science and Technology Studies) рейтингісінде алғашқы 500 университеттің қатарында орын алған университетіміз өзінің үздік екенін Жоғары білім беру кеңесінің (YÖK) жүргізген тексерістерінде де дәлелдеді. 2021 жылғы YÖK-тің университеттердің қолжеткізген жетістіктерін бағалау қорытындысы бойынша жариялаған баяндамасында оқу-ағарту, ғылыми-зерттеу, жетілдіру, жоба мен ғылыми жарияланым және халықаралық деңгейде танымалдығын анықтайтын көрсеткіште академиялық және ғылыми жұмыстарын мұқияттылықпен жалғастырып келе жатқан университетіміз үш көрсеткіш бойынша үздік деп танылды. Атқарылған осы жұмыстардың арқасында Ыстамбұл университетінің түрлі ұлттық және халықаралық аккредиттеу ұйымдарынан 57 бағдарламада 60 аккредиттеу құжаты бар.

Алған патенттері бойынша да үздік

Ыстамбұл университетінің тағы бір жетістігі патент алуға қатысты. Университет және өндіріс ынтымақтастығы орталығының (ÜSİMP) және Patent Effect фирмасының бірге дайындаған Университет патенттерін талдау есебінде біздің университет 596 патентке өтініш білдіріп, оның 164-ін алғаны белгілі болды. Осылайша 33 негізгі және қосалқы технология саласында бірінші орынға ие болған университетіміз өзінің жетекші оқу орны екендігін тағы бір рет дәлелдеді. Ыстамбұл университеті көптеген сала бойынша зерттеулер жүргізіп, зерттеулерінің барлығын өз кітапхасында сақтайды. Осылайша өзінің тереңде жатқан өнегелі өткенін жарқын болашақ үшін жеткізуді көздейді. Университетіміздің маңызды ақпарат көздерінің бірі болып саналатын - Орталық кітапханасы, тарихи құнды шығармалар мен жинақтар орналасқан сирек кездесетін қолжазбалар мен туындылар кітапханасы және жинақталған ауқымды электронды қорлары қоғамға пайдасын тигізіп қана қоймай, университеттің барлық кітапханалары академиялық зерттеулерден, әлеуметтік маңызы бар жобаларға дейінгі барлық салада тиісті дәрежеде зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Университетіміздің Орталық кітапханасында әртүрлі санатта 1 миллионнан астам кітап, сирек кездесетін қолжазбалар және туындылар кітапханасында 102 мың 961 еңбек зерттеушілердің қажеттіліктері үшін ұсынылған.

Стипендия алу, тамақтану және жатақхана жеңілдіктері

Ыстамбұл университеті студенттерінің оқуын сәтті жалғастырулары үшін барлық қажетті жағдайларды жасап келеді. Университетіміз KYK стипендияларымен қатар әртүрлі мекемелерден де қолдау тауып, бірге қызмет атқарып келеді. Бұл ыстық қолдаулар университетіміздің бағдарының айқын, қадамдарының нық болуымен байланысты. Студенттеріміз жетістіктеріне байланысты тиісті және арнайы стипендиялар ұтып алуға мүмкіндіктері бар. Ыстамбұл университеті студенттерін жатақханамен және асханамен қамтамасыз етуге басымдық береді. Студенттерімізге арналған жайлы жатақхана және құнарлы тамақтану мүмкіндіктері университетіміздің Ыстамбұлда орналасқан барлық студенттік қалашықтарындағы жатақханалары мен асханаларда қамтамасыз етілген.

Білімге әлеуметтік қолдау көрсетеді

Студенттеріне әртүрлі көркем өнер және спорт салаларында дамуына, әлеуметтік белсенділік және жобаларға қатысты іс-шаралардың алаңын кеңейтуге және оларға бұл тақырыпта түрлі мүмкіндіктер ұсынуға маңыздылық беретін Ыстамбұл университеті білім процесі әлеуметтенумен де қатар жүреді деген қағиданы ұстанады. Студенттік клубтар студенттердің топта жұмыс істеу дағдыларын дамытатын маңызды іс-шаралардың қатарында. Сондықтан университетіміз бұл саладағы жұмысты да жолға қойған.

İU Press-пен ғылым әркімге ашық

Ыстамбұл университетінің қоғамға пайдалы тағы бір қызметі «әркімге ашық ғылым» қағидасымен жұмыс істеп келе жатқан Istanbul University (IU) Press баспасы. İU Press жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар және өнер саласы бойынша көптеген салада жарияланымдарымен ғылымды кең таратып келеді. Соңғы уақытта жарық көрген және саны күн санап артып келе жатқан шығармаларымен қатар университетіміз жалпы 25 мың 274 автордың қатысуымен 56 журнал, 43 кітап және 32 мың 495 мақаланы ашық қолжетімділік қағидасына сәйкес зерттеуішілердің пайдалануына ұсынды. Осылайша İU Press ұлттық және халықаралық деңгейде ғылым мен білімді көптеген оқырмандарға қолжетімді қылды.

Университетіміздің кәсіби лигаларда спорт клубтары бар

Ыстамбұл университеті спорт саласында да үздік университет. Университетімізде Түркиядағы университтерде сирек кездесетін біріктірілген Спорт бірлігі клубы (Spor Birliği Kulübü) жұмыс істейді. Университетіміз факультет клубтарымен қоса жеке спорт түрлеріне де ыстық қолдау көрсетіп келеді. Университетімізде жыл сайын спорт фестивальдері ұйымдастырылып, түрлі факультеттерден түрлі клубтар бір-бірлерімен жарысады.