Алматыда ескерту жарияланды
Алматыда ескерту жарияланды
Фото: lissin.kz
159
оқылды
Алматыда ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды.
"Құрметті азаматтар, қатты жауын-шашын, яғни нөсер жаңбыр жауған кезде ғимаратта немесе үйде қалғаныңыз дұрыс! Көліктеріңізді ағаштың астына қалдырмауға тырысыңыздар! "112" дабылды ескерту хабарламасы мен бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар, радио таратқан ақпараттарға құлақ түріп, сақтық шараларын сақтаңыз", – деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Казгидрометтің болжамынша, Алматы қаласында 4-6 мамыр нөсер жаңбыр жауатыны болжанады. 5 мамырда бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, найзағай жарқылдайды. Сондай-ақ 3-5 мамырда Алматы тауларында қатты жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік- шығыстан соққан жел екпіні секундына 15-20, 25 метрге дейін жететіні ескертіледі.