4 құрлықта 39 елде білім беру қызметін ұсынған жаһандық студенттік қалашық
4 құрлықта 39 елде білім беру қызметін ұсынған жаһандық студенттік қалашық
254
оқылды
Шамамен 3 миллион студентімен Еуропаның бірінші, әлемнің ең үлкен үшінші университеті болып табылатын Анадолы Университеті бакалавриаттан кейінгі білім беруде көптеген оқу бағдарламалары мен сапалы оқу мүмкіндігімен 60 шетелдік мемлекеттен студенттер тарапынан таңдалып келеді. 1958 жылы құрылған және 64 жылдық терең тарихы бар Анадолы университеті тек Түркияда ғана емес, сонымен қатар 4 құрлық пен 39 елде білікті жоғары білім беру қызметтерін ұсынатын, дипломының халықаралық өтімділігі бар мемлекеттік университет. 2005 жылдан бері Еуропа несие аудару жүйесін қолданып келе жатқан университетіміз студенттеріне халықаралық дипломға қосымша анықтама (Diploma Supplement) ұсынады. Жалпы студент саны бойынша әлемнің ең ірі мега университерінің бірі болып табылатын Анадолы университеті заманауи білім беру технологияларының арқасында серпінді және инновациялық көзқараспен үздіксіз білім беру қызметін ұсынып, қоғамның білім деңгейі мен ғылыми біліктілігін арттыруға үлес қосып келеді. Университет сонымен қоса халықаралық студенттеріне қолдау шәкіртақыларын да үлестіреді. 3 ЖАРЫМ МИЛЛИОН ТҮЛЕК 3 күндізгі және қашықтықтан білім беретін 12 факультет, 1 мемлекеттік консерватория, 3 кәсіптік мектеп, 5 институт және 25 зерттеу орталығы бар Анадолы университетінде қазіргі таңда екі миллионнан астам студент бар, тағы 3 жарым миллион астам студентті де оқытып шығарды. Анадолы университеті ресми білім жүйесінде 59 бакалавриат және 14 дайындық білім бағдарламасымен заманның талаптарына сәйкес білікті жоғары білім беретін жаһандық университтердің бірі болуымен мақтанады. сапалы білім КӨПТЕГЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БАР Университеттің заң, әдебиет, экономика және байланыс құралдары секілді әлеуметтік ғылымдар саласынан бастап толық аккредиттелген Фармацевтика және Медицина факультеттері және Денсаулық сақтау ғылымдары, Бейнелеу өнері факультеті мен Мемлекеттік консерватория және өнер саласында көптеген оқу бағдарламалары бар. Университетіміз бакалавриаттан кейінгі білім беруде ұсынатын көптеген оқу бағдарламаларының және жақсы білім алуға ұсынған мүмкіндіктерінің арқасында да 60-тан аса елден келген студенттердің таңдауына ие. САПАЛЫ БІЛІМ, БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР Университет сонымен қатар студенттерге 54 түрлі студенттік клубтар арқылы белсенді қоғамдық өмір сүруге мүмкіндік береді. Студенттік қалашықтарда концерт, көрме, кино және театр залдары, жабық және ашық спорт нысандарында ай сайын жүзден аса мәдени, өнер және спорттық іс-шаралар мен ғылыми шараларға қатыса алады.