Дипломыңыз халықаралық деңгейде мойындалған
Дипломыңыз халықаралық деңгейде мойындалған
240
оқылды
Ашық білім беру жүйесінің дипломдары күндізгі білім беру бағдарламаларында оқыған студенттердің дипломдарынан айырмашылығы жоқ. Ашық білім беру жүйесінің түлектері Еуропа несие аудару жүйесін (ECTS) арқылы дипломына қосымша анықтама (Diploma Supplement) ала алады. Ашық білім беру жүйесінің сапасы көптеген халықаралық институттермен сертификатталған. Ашық білім беру жүйесінде студенттердің барлық құжат тіркеу істерін онлайн тіркеуге болады. Студенттер тіркеу және студенттік автоматтандыру және тіркелуден оқуды бітіргенге дейін бүкіл құжат-айналымын өздері қалаған жерден жүргізе алады. Оқу материалдарына кез-келген жерден кез-келген уақытта қол жеткізе алатын ашық білім беру жүйесі студенттеріне қолдау қызметтерінен де кез-келген жерден қалаған уақыттарында пайдалана алады. Ашық білім беру жүйесінде түрік тілінде оқытылатын оқу бағдарламаларға қоса бизнесті басқару, экономика, халықаралық қатынастар, саясаттану және мемлекеттік басқару бакалавриат мамандықтары ағылшынша; теология мамандығы бойынша дайындық курстарында арабша білім алуға мүмкіндік бар. Барлық университет студенттері мен түлектеріне 2-ші университет бағдарламасының аясында ашық білім беру жүйесінің кез-келген мамандығын емтихан өтпей оқуға мүмкіндіктері бар. Ашық білім беру жүйесі «Кедергісіз ашық білім» және «Арамызда ешқандай кедергі жоқ» деген сөз тіркестерімен сипатталатын қызметтерімен бүгінгі күнге дейін он мыңдаған мүгедек жандарға жоғары білім алу мүмкіндігін сыйлады. Ашық білім беру жүйесіндегі «Онлайн студенттер қауымдастығы» студенттердің сабақтан тыс жетілуіне үлкен үлес қосады. Қауымдастық қарамағында ай сайын ұйымдастырылатын онлайн іс-шаралар студенттерге әртүрлі салада өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік береді. Ашық білім беру жүйесінің AKADEMA жаппай ашық онлайн курстары арқылы кез келген студент өзіне қызықты және тегін AKADEMA жүйесіндегі әртүрлі санаттағы 100-ден астам курстарға қатыса алады. Ескішехир

Ескішехир – студенттердің сүйікті қаласы

Анадолы университеті орналасқан қаласымен де, студенттерге ұсынған студенттік қалашықтардағы мүмкіндіктіремін де бүкіл әлемнен келген шетелдік студенттерді тартатын бір орталыққа айналды. Географиялық тұрғыда орталықта орналасуымен Анкара және Ыстамбул секілді ірі қалаларға жақын орналасқан Ескішехир Түркияның ең қауіпсіз, қызыққа толы және студенттер үшін түрлі қажеттіліктерді жеңіл және оңай қамтамасыз етілетін ең әсем қалалардың бірі. Студенттердің сүйікті қаласы Ескішехир халықаралық рейтингтерде әлемнің 8-ші, Түркияның 1-ші ең қауіпсіз қаласы ретінде таңдалды. Сонымен қатар Ескішехир студенттерге кез-келген жағдайға сәйкес келетін және түрлі деңгейде жатақхана және тамақтану мүмкіндіктерін ұсынады.

Сенің арманың – сенің университетің

Халықаралық рейтингте әлемнің жетекші университтерінің қатарынан орын алатын Анадолы университеті Түркияның ең маңызды ғылым, мәдениет және өнер орталықтарының бірі болып табылады. Университет әлемнің ең бақытты және қауіпсіз студенттірдің қаласы Ескішехирде мағыналы студенттік жылдарыңызды белсенді әлеуметтік-мәдени өмірмен біріктіру арқылы немесе ашық білім беру жүйесі арқылы қалаған уақытта және қалаған жерде білім алуыңыз үшін сіздерді күтуде. Университеттің күндізгі білім беру жүйесі туралы толық ақпаратты 4 тілде қызмет көрсететін international.anadolu.edu.tr/en сайтынан және ашық білім беру жүйесі туралы толық ақпаратты globalcampus.anadolu.edu.tr сайтынан таба аласыз.