Әлемнің көптеген елінен мыңдаған талапкер Түркияда білім алуға қызығушылық танытуда және олардың саны жыл сайын артып келеді. Соңғы жылдары ресми мекемелердің жариялаған ақпараттарына сәйкес Бахчешехир университеті (BAU) Түркиядағы шетелден келген талапкерлердің ең көп таңдайтын университеті болып табылады. Қазақстандың талапкерлер де ЖОО таңдау барысында көбіне оқу-ағарту саласында көптеген мүмкіндіктер ұсынатын Түркияны таңдауда. BAU-да шетелдік талапкерлер ең көп медицина саласын, одан кейін іскерлік, бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютерлік инженерия, стоматология, сәулет өнері, халықаралық сауда іскерлігі және жаһандық саясат–халықаралық қатынастар және психология мамандықтарын таңдайды. BAU және Түркияда шетелдік студенттерге берілетін ең үлкен арқытшылық - оқу бітіргенде алатын дипломдарының аккредиттелген және әлемнің барлық жерінде жарамды болуы.
ЕО стандарттарына сай диплом алу мүмкіндігі
BAU Global білім беру жүйесіндегі бағдарламаларды пайдаланатын шетелдік студенттер жаһандық білім беру саласында түрлі елдерде орналасқан ғылыми орталықтар мен оқу орындарында оқу мүмкіндігін алады. Солардың бірі болып табылатын Dual Up жүйесі арқылы студенттеріміз Германияда орналасқан Берлин халықаралық қолданбалы ғылымдар университетінде ұсынылатын оқу бағдарламаларында балл сәйкестігін жоғалтпастан 1 жыл оқу арқылы қос дипломға ие бола алады. Диплом ЕО шекарасында мойындалып қана қоймай, сонымен қатар студенттерге 25 пайыз жеңілдікпен шәкіртақы да беріледі. BAU Global ұйымының қоластындағы MLA колледжінде де осыған ұқсас мүмкіндіктер бар. Заң саласын меңгеріп жатқан студенттеріміз «Топ-Up» бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен қатар бакалавриатта оқып жатқан студенттерге қосымша мүмкіндік ретінде ұсынылатын халықаралық деңгейде мойындалған Pearson Higher National Diploma (HDN) бағдарламасын оқу бағдарламасымен бірге аяқтауға мүмкіндік бар. Pearson HDN желісі арқылы студенттер 30-дан астам елдегі 300-ден астам үздік университеттермен байланыс құра алады. Бұл бағдарламаның арқасында студенттер қос дипломға ие болады. Бахчешехир университеті өз студенттерін халықаралық деңгейде мойындалған дипломмен қамтамасыз етіп қана қоймай, тіл мектептерін құру арқылы да студенттерге қажетті барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етті. Барлық елдерден келген талапкерлер оқуға тапсыру жайлы бүтін ақпаратты Bahçeşehir Üniversitesi International https://int.bau.edu.tr/ парақшасынан ала алады.Жаңа достар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа ел
Түркияда білім алып жатқан саясаттану және халықаралық қатынастар бөлімінің 1-курс студенті Дильназ Төлеген жаңадан келген талапкерлермен Ыстамбұлда және БАУ-дағы студенттік шағы жайлы естеліктерімен бөлісті. Дильназ Төлеген «Мен осында оқығаным үшін қуаныштымын. Жаңа достар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа елде болу мүмкіндігім болды. Қызықты естеліктер жинап қана қоймай, жақсы білім де алып жатырмын» деді. Болашаққа қатысты жоспарларымен бөліскен Дильназ «Мен 5-сыныптан бастап болашақта қандай мамандыққа оқығым келетінін білетінмін. Бұл мамандықты сол кезде таңдадым. Ол кезде мен әлі баламын, бірақ саясаткер болуды армандайтынмын. Мектепті бітіргеннен кейін ЖОО қарап жүріп Ыстамбұлда оқығым келетінін түсіндім. Осында оқуға түсу үшін көп еңбектендім. ЖОО орындарын қарастыру барысында BAU және оның беретін мүмкіндіктерімен таныстым» – деді. «Dual-Up» бағдарламасының мүмкіндіктері ерекше ұнағандығын баяндаған Дильназ Төлеген «Студенттер осы мүмкіндіктердің қолдану арқылы еңбек нарығында айтарлықтай артықшылықтарға ие болады. Бұл мүмкіндіктер оларға кәсіби қызметтері барысында қолданатын негізгі дағдыларды игеруге мүмкіндік береді» деді.