Әлемнің назары Кониаға бағытталады
Әлемнің назары Кониаға бағытталады
367
оқылды
Ислам ынтымақтастық ұйымы және Ислами ынтымақтастық спорт федерациясының ұйымдастыруымен Кониада өтетін бесінші Ислам ынтымақтастығы ойындары үшін санаулы уақыт қалды. Кониа қаласының әкімі Угур Ибрахим Алтай : «Ойындардың басталуын тағатсыздана және үлкен толқумен күтіп отырмыз Инфрақұрылымыз бен нысандарымыз жарысты қабылдауға дайын. Бүкіл әлемның толеранттылық пен бауырластықтың қаласы Конианың тамаша қонақжайлылығын жақыннан көретін боласыздар» – деді. Пандемияға байланысты кейінгі шегерілген 2021 жылғы бесінші Ислам ынтымақтастығы ойындары 2022 жылдың 9-18 тамыз аралығында Кониада өтеді. Кониа қаласының әкімі Угур Ибрахим Алтай Ислам ынтымақтастығы ойындары қалада ұйымдастырылған ең ауқымды іс-шара болатынын айтты. Қала әкімі Алтай мырза «Ислам елдері арасындағы бауырластық пен ынтымақтастықты орнату мақсатында бұл ұйымның маңызы өте зор. Ойындардың еліміздің және қаламыздың жеңіп алуына атсалысқан президентіміз Режеп Тайып Ердоған мырзаға және Жастар және спорт министріміз Мехмет Қасапұлы мырзаға тағы да алғысымды білдіргім келеді» дей келе, бұдан бұрын Сауд Арабиясы, Иран, Индонезия және соңғы рет 2017 жылы Әзірбайжанның астанасы Бакуде ұйымдастырылған Ислам ынтымақтастығы ойындарында Кониаға 56 елден 3 мыңнан астам спортшы мен он мыңдаған көрермен келуі жоспарланып отырғандығын айтты. TÜRKİYE’NİN İLK OLİMPİK VELEDROMU TAMAMLANIYOR Конианың халықаралық деңгейдегі ірі іс-шараларды қабылдауға әрдайым дайын екендігін атап өткен қала әкімі Угур Ибрахим Алтай : «Қаламыз спорттық инфрақұрылым жағынан жақсы дамыған. Дегенмен қаламызды Олимпиадаға қолайлы ету мақсатында Жастар және спорт министрлігімен біріге отырып, Түркияның алғашқы олимпиадалық велодромын салып жатырмыз. Құрылыс жұмыстары бітуге жақын. Бұл атқарылған ірі жұмыстардың қатарында. Біз олимпиадалық жүзу бассейні мен жеңіл атлетика нысандарының құрылысында соңғы кезеңіне жеттік. Біз жарыстар өтетін түрлі аудандарда ондаған спорт нысандарын дайындап, Олимпиадаға дайын жағдайға келдік. Біз ойындардың басталуын тағатсыздықпен күтіп отырмыз. Және де инфрақұрылымымызбен және салынып жатқан құрылыстарымыз бен нысандарымызбен ұйымдастыру шараларына дайынбыз» - деді. Кония қалалық әкімшілігі 40 елден келген елшілер мен ұйым өкілдерін Кониада күтіп, қаланы және тамыз айында өтетін 5-ші Ислам ынтымақтастығы ойындарын таныстыруын ұйымдастырды. ЖҮЗДЕГЕН ЖЫЛДЫҚ ТАМАҚТАНУ МӘДЕНИЕТІ Көптеген тарихи құндылықтардың отаны Конияда тамаша аспаздық мәдениеті де бар. Әлем бойынша атына мавзолей тұрғызылған жалғыз аспазшы - Атешбаз-ы Уәли мазары Кониада орналасқан. Сарай аспазшылық мәдениетінің ең озық үлгілері бар Кониада қала әкімдігі аспаздық туризмін дамыту үшін маңызды адымдар атып, «Бұл өңірде тамақ бір өркениет» ұранымен іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Конияға келген қонақтарымыздың ең жақсы көретін тағамдары төмендегідей: пеш кәуабы, бамия сорпасы, етлинан, тирит, нан салмасы, май ақсерке, қошмерим халвасы, саж арасы тәттісі. КОНИА 2023 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕМНІҢ СПОРТ АСТАНАСЫ АТАНДЫ Тарих пен мәдениет қаласы Конианы Еуропаның спорт астаналары мен қалалары федерациясы «2023 жылғы әлемнің спорт астанасы» деп жариялады. Италияның Турин қаласында Еуропалық спорт астаналары мен қалалары федерациясы (ACES Europe) ұйымдастырған марапаттау бағдарламасына қатысқан Конья қалалық муниципалитетінің мэрі Угур Ибрахим Алтай: «Мен Коньяның Еуропалық спорт астаналары мен қалалары федерациясы тарапынан 2023 жылғы Дүниежүзілік спорт астанасы болып таңдалғанына қуаныштымын. Қаламыздың брендке айналуы жолында бұл секілді іс-шаралар Конианың атын бүкіл әлемнің танылуына және бұдан да басқа іс-шаралардың өткізілуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Конианың 2023 жылғы Дүниежүзілік спорт астанасы болуымен құттықтаймын» – деді. Қала әкімі Алтай Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға, Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапұлына, Еуропалық спорт астаналары мен қалалары федерациясының президенті Джан Франческо Лупаттеллиге және федерация басшыларына Коньяның осындай үлкен атақ алуына қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. ТҮРКИЯНЫҢ БІРІНШІ, ЕУРОПАНЫҢ ЕКІНШІ ҚАЛАСЫ Кония жаһандық ауқымдағы ең беделді спорт атақтарының бірі «Әлемдік спорт астанасы» атағын алған Түркияның бірінші қаласы және Еуропаның Мадридтен кейін екінші қаласы болды. ӘР МАУСЫМДА КӨРКЕМ ҚАЛА Кониа қаласының әкімі Угур Ибрахим Алтай хазірет Мевлананың ғасырлар бойы сүйіспеншілігімен және бауырластығымен жыл сайын миллиондаған қонақты қабылдайтын Конияның тарихи және табиғи сұлулығымен әр маусымда өте көркем екенін айтты. Селжүктердің астанасы, Мевлана Желаледдин Руми қаласы Конианы тамашалау үшін барлық қалалардан қонақтарды шақырған Алтай «ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміндегі 10 мың жылдық тарихы бар Чаталхёюктен Силлеге, Ғылым орталығынан Тропикалық көбелектер бақшасына дейін, Панорама мұражайынан Еждад бақшасына дейін, Килистрадан Ивриз жартас ескерткішіне дейін, Алааддин төбесінен Инже мұнарасына дейін, Мәриам бақтарынан Йеркөпрі сарқырамасына дейін, Қожанасырдан Шемс-и Табризиге дейін көруге болатын көптеген қызықты жерлер бар. Сондай-ақ Коньяның Бейшехир, Акшехир, Сейдишехир, Хадим, Эрегли, Карапинар, Илгин және Джиханбейли сияқты аудандарында да көптеген қызықты жерлер бар» - деді. ВЕЛОСИПЕД ҚАЛАСЫ 550 шақырымдық велосипед жолы бар Кониа Түркиядағы үздік қала. Бірақ бұл жетістігімен тоқтап қалмай қалада жаңадан салынған көшелерге велосипед жолдары да қосылып жатыр. Түркияның өткен жылы қолданысқа енгізілген алғашқы велосипед трамвайы да жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды.