12 адам босатылды
12 адам босатылды
222
оқылды
Өткен аптада қаңтар оқиғасы бойынша 12 күдікті қамаудан босатылған. Осы уақытқа дейін ішкі істер органдарының істері бойынша барлығы 333 күдікті осы негіз бойынша күзетпен ұстаудан босатылған екен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бас­тығы Санжар Әділов мәлім- деді. «Сотқа жолданған істер бойын­ша жәбірленушілерге сомасы шамамен 100 миллион теңге болатын зардаптың орны толтырылғанын атап өткім келеді. Бұл полиция қызметкерлерінің ұрланған мүлікті анықтауы және алып қоюы, сондай-ақ айыпталушылардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру, оның ішінде сот тергеуі кезеңінде зардаптың орнын толтырғаны нәтижесінде қамтамасыз етілді», – дейді Санжар Әділов. Бүгінге дейін босатылған 96 адамның бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды. 78 адам кепіл арқылы, 67 адам ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы қолхат пен 11 адам жеке кепілгерлік арқылы бұлтартпау шарасын өзгертуге мүмкіндік алды.