WhatsApp арқылы алаңға шақырған
WhatsApp арқылы алаңға шақырған
262
оқылды
Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбедегі облыс әкімдігінің ғимаратын басып алғандарды алаңға WhatsApp мессенджері арқылы жинаған. Танымал желіні қолданушы хабарлама арқылы 300 ақтөбелікті алаңға шақырған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді. «Ақтөбе қаласында облыс әкімдігіне шабуылдаушылардың бірі ұсталды. Сол күндері бұл қылмыскер WhatsApp мессенджерін пайдаланып, 300-ден астам адамды жинады. Содан кейін аталған адамдар Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратын басып алуға белсенді түрде қатысты», – деді Бас прокуратура өкілі. Айтуынша, осы оқиға салдарынан 31 сақшы ауыр жарақат алған. «Шабуылға тойтарыс беру кезінде құқық қорғау органдарының 31 қызметкері ауыр дене жарақатын алды. Күдікті және оның сыбайластары сот санкциясымен қамауда отыр», – деді Елдос Қилымжанов.