Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар бағамы 4,80 теңгеге арзандап, 436,85 теңгені құрады. Ұлттық банктің 4 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 441,64 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 440,15 теңге, сатып алу – 443,60 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 437,88 теңгеден болса, сатып алу құны – 441,10 теңге.