Сот Қайрат Құдайбергенге қатысты шешім шығарды
Сот Қайрат Құдайбергенге қатысты шешім шығарды
Фото Zakon.kz
Сот Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау түріндегі шешімді өзгеріссіз қалдырды, – деп хабарлады informburo.kz. Адвокаттар бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды немесе депутатты кепілмен босатуды сұраған. Алайда ол 24 мамырға дейін қамауда болады. Ірі кәсіпкер, Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген сәуірде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті  ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды.