Алматы облысының суару каналына екі бала батып кетті
Алматы облысының суару каналына екі бала батып кетті
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
203
оқылды
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 3 мамыр кешке болған.
"Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші байланыс пультіне Қарасай ауданы Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналына 6 және 8 жасар екі бала батып кеткені туралы хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде туыстары тереңдігі 1,5 метр суару каналынан 2014 жылғы қыз бен 2015 жылғы ұл баланың денесін алып шыққан. Олар ойнап жүріп суару каналына құлап, батып кетті", – делінген хабарламада.
Қазір Алматы облысының құтқарушылары мен полицейлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.