285 433 теңге – қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы
285 433 теңге – қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы
Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы мөлшері жаңарды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мәлімдеді. «2022 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 285 433 теңге болды», - деп хабарлады ведомство. Бұл сан 2021 жылдың осы тоқсанымен салыстырғандағы өсім – 23,7 пайыз, нақты мәнде 12,7 пайыз болғанын көрсетеді. Еске салайық, 2021 жылдың ақпанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 223 213 теңге болған еді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру керектігін айтқан болатын.