Тауық қайдан пайда болды? – Зерттеушілер мыңжылдық сұрақтың жауабын тапты
Тауық қайдан пайда болды? – Зерттеушілер мыңжылдық сұрақтың жауабын тапты
Жаңа зерттеуге сәйкес, Орталық Азия әлемге тауық таратуда маңызды рөл атқарған. Eurasianet зерттеуіне сәйкес, археологтар Орталық Азиядан мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген тауықтың сүйектері мен жұмыртқаның қабықтарын тапқан. Ғалымдар жақында жаңа технологияның көмегімен үй тауықтарының Жібек жолы арқылы тарағанын анықтаған. Бұл ақпарат centralasian.org сайтында жарияланды. Адам тарихын зерттейтін Макс Планк қоғамы институтының Роберт Спенглер жетекшілік ететін тобы Өзбекстан мен Тәжікстан аумағынан 12 бірдей археологиялық нысанды зерттеген. Бұл жердің бәрінен жұмыртқаның қабығы табылған. Тіптен біздің заманымызға дейінгі 200 жылдары елді мекен болған Бұхара маңындағы Баш-тепе жерінен де жұмыртқаның қабығы табылған. Бұл зерттеулердің бәрі "Тауық қашан Жібек жолына өтті: тауықтардың ежелгі Орталық Азияда болғаны жайлы археологиялық және молекулярлық дәлелдер" деген атаумен ғылыми мақала болып басылып шықпақ. Спенглер мен оның әріптестері пептидтің іздерін зерттеу арқылы генетикалық кодын анықтап жатыр. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, тауықтарды біздің заманымыздан бұрын 200 жылдардан бастап, біздің заманымыздың XII ғасырға дейін қолға үйреткені белгілі болған. Бұл тұрғыда авторлар екі гипотезаны алға тартады. Біріншісі, тауық өсіру біздің заманымызға дейін болған. Екіншісі, Александр Македонский өмірден өткеннен кейін, моңғол шабуылына дейін тауық өсіріп, жұмыртқа өндірген. Әтеш Орталық Азияда ержүректіктің белгісі ретінде сипатталады, ал зороастризмде таң атқанда шақыратын күн мен түннің мәңгі күресі ретінде белгілі. Зороастризмнен қалған адам мен әтештің химері Орталық Азияның барлық жерінен және Шыңжаңнан табылған. Зерттеуге сәйкес, Жібек жолы бойындағы барлық ірі қалаларда тауықтың етін тамаққа пайдаланған.