«Пәтер алып беремін» – Атырауда сотталған алаяқ әйелдің басқа да қылмысы ашылды
«Пәтер алып беремін» – Атырауда сотталған алаяқ әйелдің басқа да қылмысы ашылды
Фото: yandex.kz
243
оқылды
Атырауда алаяқ әйел сотталды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтығы үшін сотталған әйелдің 6 адамнан пәтер алып беремін деген сылтаумен 98 млн теңге қаржыны иемденгені анықталды. «Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі – 25 млн 700 мың теңге. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұдан бұрын алаяқ әйел 4 жәбірленушіні пәтер алып беремін деп алдаған. Сөйтіп, жәбірленушілердің 98 миллион теңгесін қалтасына басқан. Бұл әйелдің алақтық әрекеті әшкере болып, оған қатысты қозғалған қылмыстық іс 12 сәуірде сотта қаралды. Сот үкімімен кінәлі деп танылған әйел 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды» делінген департаменттің хабарламасында. Полицейлер алаяқтарға алданап қалмау үшін құжат пен қаржыға мұқият болуды ескертеді.