Алматыда қарт анасын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

Алматыда қарт анасын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

Алматы қаласының прокуратурасы қарт анасын ұрған ер адамды екі айға қамауға алды.  Алатау аудандық прокуратурасы таратқан мәліметке сәйкес, ер адам – жәбірленушінің ұлы. Жанжал енесінің келініне дөрекі сөйлеуінен туындаған.
«Ол егде жастағы адамға бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана (ауырлығы орташа) зиян келтірді деген күдікке ілінді. Прокурорлар тергеушінің өтінішін қолдады және сот санкциясымен 49 жастағы ер адам екі айға қамауға алынды», – деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін Алматыда ер адамның қарт әжейді ұрып-соғып жатқаны туралы видео желіге тараған болатын. Кейін 74 жастағы әйелді өзінің ұлы ұрғаны анықталды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)