Шымкенттік жүргізуші апалы-сіңлілі оқушы қыздарды қағып кетті
Шымкенттік жүргізуші апалы-сіңлілі оқушы қыздарды қағып кетті
© OTYRAR
206
оқылды
Шымкентте автокөлік жүргізушісі жаяужолға шығып кетіп, бір үйдің екі қызын қағып кетті, – деп хабарлайды "Отырар" арнасы.  Жол-көлік оқиғасы 5 мамыр күні таңертең Әл-Фараби көшесінде, №6 емхананың алдында болған. Hyundai көлігін тізгіндеген әйел басқа автокөлікке соғтысудан қашқан. Көлікті басқара алмаған ол жаяужолға шығып кеткен. Ол сәтте жолдың қиылысында апалы-сіңлілі қыздар бағдаршамның жасыл түсі жануын күтіп тұрған. Автокөлік қыздарды қағып, бағанаға соғылды. Бастауыш сыныпта оқитын екі қыз "Асар" ықшам ауданындағы балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша жүргізушінің үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 2-тармағы ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге алып келген бұзушылығы") бойынша хаттама толтырылды. Екі көлік те айыппұл тұрағына орналастырылды.