Утильалымның жаңа тарифі 14 мамырдан бастап қолданысқа енеді
Утильалымның жаңа тарифі 14 мамырдан бастап қолданысқа енеді
Елімізде утильдік алымның жаңа тарифі 14 мамырдан бастап қолданысқа енеді. Бұйрыққа сәйкес, жеңіл көліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларына салынатын алым екі есеге азайды. Бұл туралы белгілі журналист, қоғам белсендісі Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. «Жаңа тариф мынадай: 1 мың см³-ге дейін – 229 725 теңге (бұған дейін 459 450 теңге болған); 1 001-ден 2 000 см³-ге дейін – 536 025 теңге (бұған дейін 1 072 050 теңге болған); 2 001-ден 3 000 см³-ге дейін – 765 750 теңге (бұған дейін 1 531 500 теңге болған); 3 001 см³-ден жоғары – 1 761 225 теңге (бұған дейін 3 522 450 теңге болған)», - деді автор.