"Педофилдер тобы қалаларды аралап, балаларды ұрлап жүр": ІІМ мәлімдеме жасады
"Педофилдер тобы қалаларды аралап, балаларды ұрлап жүр": ІІМ мәлімдеме жасады
242
оқылды
Әлеуметтік желіде түрлі қалаларды аралап, балаларды ұрлап кететін педофилдер тобы туралы фейк хабарлама таралып жатыр, деп жазады Stopfake.kz сайты. Бұл ақпарат Желіде 2012 жылдан бері таратылып келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оның авторы – қылмыстық есептер қатты алаңдатқан, психикалық денсаулығы нашар адам. Содан бері педофилдер тобы туралы ақпарат Ресей мен Қазақстан тұрғындарын алаңдатуда. Мысалы, 2016 жылы бұл топ туралы ақпарат Алматыда жоққа шығарылды. 2018 жылы ҚР ІІМ педофилдер туралы ескерту фейк екенін растады.  2018 жылы күзде қылмыскерлер туралы жалған бағдар беру жайлы Factcheck.kz қазақстандық порталы жазған болатын.