«Реал Мадрид» финалға шықты
«Реал Мадрид» финалға шықты
246
оқылды
Испанияның «Реал Мадрид» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасы финалына берілген екінші жолдаманы иеленді. Жартылай финалдық кездесуде «карольдік» клуб «Манчестер Сити» (Англия) командасын жарыс жолынан шығарды. Карло Анчелотти футболшылары Сантяго Бернабеуде бірінші нөмірмен ойнады. Жиі шабуылға шығып, жылдам гол соғудың жолын іздеді. Дегенмен қарымта матчтағы бірінші голды «Манчестер Сити» футболшысы Рияд Марез соқты. Алжирлік шабуылшы 73-минутта мергендігімен көзге түсті. Оған «Реал Мадрид» сапынан Родриго 90, 91-минуттарда қос голмен жауап қатты. Осылайша ойын овертаймға ұласты. Ал овертаймда франциялық шабуылшы Карим Бензема командасын есепте алға шығарды. Ол 95-минутта пенальтиден гол соқты. Екі команда арасындағы алғашқы матчта «Манчестер Сити» 4:3 есебі­мен басым түскен болатын. Финалдық кезеңге жолдама берер жауапты ойында 3:1 есебімен есе қайырған «Реал Мадрид» финалға жолдама алды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын финалға Англияның «Ливерпуль» командасы шыққан еді. Олар жартылай финалда Испанияның «Вильярреалын» (2:0, 3:2) сүріндірді.

Әбілмансұр ЖАСАН