Қазақстан рекордын орнатты
Қазақстан рекордын орнатты
402
оқылды
Қарағандылық веломарафоншы, ағылшын тілі мұғалімі, журналист Ернат Мелсұлы ас-сусыз 109 шақырым жолды 7 сағат 10 минутта еңсеріп, Қазақстан рекордын орнатты. Нәтижені Қазақстанның рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеді. Жақын арада веломарафоншыға арнайы сертификат табысталады. «Марафоншылар әдетте жеңіл және жылдам велосипед таңдайды, ал Ернат тауда жүретін ауыр велосипедке отырды. Әрине, рекорд мойындауға лайық», деп атап өтті Қуандық Құдайбергенов. Веломарафон Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолымен өтті. Жарыс 11:47-де басталып, 19:28-де аяқталды. Велосипедші Хазірет Сұлтан мешіті­нің алдына келіп тоқтады.

Әбілмансұр ЖАСАН