Қайраңда қалған балық көп
Қайраңда қалған балық көп
606
оқылды
Атырауда соңғы 2 жыл қа­тарынан балықтардың жап­пай қырылу фактісі тіркелді. Бір күннің ішінде жағаға жа­йыл­ған топан сумен қайраңға шығып қалған жарты тонна­дан аса балықтың өлексесі жиналған. Бесікті елді мекені «Бақсай» ка­налы мен Алға ауылы «Ал­ма­ғамбет» көлінде балықтардың өліп жатқаны туралы дабылды әлеуметтік желі қолданушылары жазды. Алайда құзырлы органдар көл жағасында жайрап жатқан балықтарды жинап алуға тыйым салды. Аталған мәселе бойынша өт­кен баспасөз мәслихатында Эко­логия, геология және табиғи ре­сурс­тар министрлігі Балық ша­р­уа­шылығы комитеті төрағасы­ның орынбасары Аян Бахиянов жағдайдың өткен жылмен салыс­тырғанда тұрақты екенін атап өтті. «Безымянный» көлінен 65 ке­лі, ал «Алмағамбет» көлінен 507 келі өлген балық жиналды. Бұл бағыттағы жұмыстарға Жайық-Каспий бассейндік инс­пекция­сы­ның қызметкерлері мен Алға ауы­лының жұмысшы­лары тар­тылған. Былтыр көк­темде судың жайылуынан қай­раңда өлген балық саны 12 тон­на болды. Осын­дай жағдай қай­таланбас үшін тонна балық қайраңда қа­лып кеткен еді. Ал­дын алу жұмыс­та­ры жүргі­зіл­месе, жағдай өткен жылғыдай болуы мүмкін еді», – деді Аян Қайратұлы. Комитет төрағасы орынба­са­ры­ның сөзін Атырау облыстық Ба­лық шаруашылығы басқарма­сы­ның басшысы Артур Сәді­бек­ұлы құптады. Оның айтуынша, өзен-көлдерге су тым көп мөл­шер­­де келген. Осыдан барып олар­­дың арнасы жыңғыл басқан ау­­мақ­тарға дейін жайылған. Ал кейін су қайта азайғанда, жың­ғыл­дың ортасында қалған балық­тар қырылды. – Өңірде 200 су айдыны бар. Соның 70-ке жуығы қауіпті. Су айдындарын ыңғайлауға, жағ­дайын жақсартуға ақша қарас­тырылмайды. Бұл жерлерге жер­гілікті атқарушы органдар жауап­ты. Каналдар мен көлдерді күтім­ге алу, балықтардың уылдырық шашатын уақытына сай дайындау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бірақ бұл жұмыстар әлі де толық жүзеге аспай отыр. Жергілікті мамандар­дың өз күшімен шапқылап жүр­гені болмаса, айдындарға балық­тардың оңай кіріп-шығып, уыл­дырық шашуы үшін жағдай толық жасалмаған. Өткен жылы балық­тың өлу көрсеткіші биыл жоғары болды. Себебі биыл 70-ке жуық су нысанында тазалық жұмысы жүр­гізілді, – дейді Артур Сәдібе­кұлы. Басқарма басшысының орын­­­басары тірі балықтардың сүзі­ліп, Жайық өзеніне қайта жі­берілгенін айтты. Алдағы уа­қытта балықтар­дың жаппай қы­рылуын болдыр­мас үшін Атырау қаласы мен ау­дан әкімдіктеріне тапсырма бе­ріл­ген. Су айдын­да­рындағы жағ­дай жергілікті ат­қарушы орган­да­ры мен Жайық-Каспий облы­сара­лық инс­пек­циясының қыз­меткер­лері­нің бақылауында. Осылайша, балық шаруашы­лығының мамандары айдын­дар­дағы оқыс оқиғаны судың аз ке­луімен байланыстырды. Бұрын Ресейден келетін судың мөлшері әлдеқайда көбірек болған. Оның үстіне, ағын су сәуірден бастап та­­мызға дейін толассыз келген екен. Сол сәтте балықтар уылды­рық­­тарын шашатын жерге еркін жетіп, Жайық өзеніне қайта жүзіп өткен. Қазір теріскейден келген ағын су бір айға жетер-жетпес уа­қыт ішінде тартылып қалады. Судың тартылуынан балық­тың қырылуы өз алдына, бүгінде көпшілік қайранға шығып қалған балықты халыққа таратып беруге тыйым салатындардың әрекетіне түсінбей дал. – Өткен жылы да жағаға шы­ғып қалған көп балық өлді. Ма­мандар қуғанымен, кейбір тірі балықтарды тұрғындар қапшыққа салып, үйлеріне тасыды. Арам өлгенше балықтарды азық етуді жөн көрген шығар. Меніңше, құ­зырлы мекеме қызметкерлері ба­лықтарды құтқара алмайтын бол­ған соң, халыққа оны жинауға шек­теу қоймауы керек еді, – дейді көпбалалы ана Мөлдір Серікбай.

P.S.

Қысқасы, балықтың қырылуы жыл сайын қайталанатын құ­бы­лыс­қа айналып келеді. Бұл сала ма­ман­да­рының осы мезгілде мәсе­леге баса назар аударып, алдын алу жұ­мыс­тарын өз деңгейінде жүр­гі­зуін талап етеді.

Атырау облысы