Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды
Фото: kff.kz
179
оқылды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Оның кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді. Магомед Адиев «Анжи», «ЦСКА», «Спартак», «Терек» және қазақстандық «Жеңіс» футбол клубтарда ойнады. Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, «Ахмат», «Анжи», «Чайка» командаларын жаттықтырды. 2021 жылы қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жетті. Сонымен қатар қарағандылық ұжымды Қазақстан кубогының финалына шығарды.