Қазақ-қытай шекарасы: үш жылда кеденнен қанша миллиард теңге қазынаға түспеді?
Қазақ-қытай шекарасы: үш жылда кеденнен қанша миллиард теңге қазынаға түспеді?
Фото: exclusive.kz
416
оқылды
Мемлекеттік кірістер комитеті Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топ, сыртқы экономикалық қызмет, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен шекаралас өткізу пункттерінде тексеру жүргізді. Ведомствоның мәліметінше, шара барысында 9 уәкілетті экономикалық оператор мен 1 филиалы көшпелі кедендік тексерулерді аяқтады, қосымша есептеу сомасы – 107 млрд теңге. Сондай-ақ, 58 млрд теңгеге салық төлеуден жалтару деректері анықталды. Үш жыл ішіндегі бұзушылықтардың жалпы сомасы – 165 млрд теңге. Бұдан басқа, 398 млрд теңгеге жалған электронды шот-фактураларды жазып беру дерегі бар. Алдын ала шығын сомасы – 128 млрд теңге. Материалдар қылмыстық іс қозғау мәселесін қарау үшін құқық қорғау органдарына берілді. Сонымен қатар 151 импорттаушының жалған электрондық шот-фактуралар жазып беру белгілері бойынша материалдары Қаржы мониторингі агенттігіне жіберілді. Бұл бұзушылықтар Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінің арқасында анықталған, олардың базасында тауарларды импорттан бөлшек саудадағы экспортқа дейін қадағалау жүйесі жұмыс істейді. Бүгінде кедендік декларациялардың 100%-ы электронды түрде беріледі.