Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Timeout.com
321
оқылды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7, 8 және 9 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, әдетте мамырдағы мерекелерде күн жылы болып, көпшілігі табиғат аясына шығады. Бірақ бұл мүмкіндікке тек оңтүстік өңірдің тұрғындары ие бола алады. Мамандардың айтуынша, Иран аудандарынан келетін жылы циклон елдің оңтүстік жартысына ауыса бастайды, сондықтан күн сайын ауа температурасы жоғарылайды.
"Ал солтүстік өңірге суық антициклон әсер етеді. Қысқа мерзім ішінде ауа температурасы төмендеп, түнде термометр бағандары қайтадан нөлден төмен түседі", – делінген хабарламада.