Қызылордада жапан түзде жоғалған қойшы жігіт екі күннен кейін табылды

Қызылордада жапан түзде жоғалған қойшы жігіт екі күннен кейін табылды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 19 жастағы қойшы екі күннен кейін табылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Сүттіқұдық ауылынан шығысқа қарай 50-55 шақырым қашықта орналасқан Диірмен деген жерде болған.

«Ол 4 мамыр шамамен сағат 14.30-да сол аумақтан белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері хабарсыз болған. Жедел құтқару жасағынан УАЗ көлігімен 4 құтқарушы оқиға орнына барды. Жас жігітті әкесі тауға қарай 50 шақырым жерден аман-есен тауып алды», – деп мәлім етті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, Қызылорда қаласында 27 жастағы қыз он күннен бері іздестіріліп жатыр.