Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
167
оқылды
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады. Жаңа бапкердің кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді. Магомед Адиев бірнеше танымал футбол клубтарында ойнады. Соның ішінде «Анжи», «ЦСКА», «Спартак», «Терек» және қазақстандық «Жеңіс» бар. Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастаған. Содан бері «Ахмат», «Анжи» мен «Чайка» командаларын жаттықтырды. Магомед Адиев 2021 жылы қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА конференция лигасының плей-офф кезеңіне жетті. Сонымен қатар қарағандылық ұжымды Қазақстан кубогының финалына шығарды.