Ақмола облысындағы жанармай құю бекетінің жанында адамдар отырған көлік өртенді
Ақмола облысындағы жанармай құю бекетінің жанында адамдар отырған көлік өртенді
Видеодан кадр: Ақмола облысының полиция департаменті
170
оқылды
Ақмола облысында жанармай құю бекетінің жанында көлік өртеніп кетті. Оқыс оқиға кезінде машинаның ішінде адамдар болған. Абырой болғанда, олар салоннан шығып үлгерді, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Оқыс оқиға 4 мамыр күні Щущинсктегі жанармай құю бекетінің жанында болған. Желіде тараған видео кадрынан көліктің тоқтағанын, оның капотының астынан аяқ-асты өрт шыққанын байқауға болады. Сонымен қатар машина салонынан бірнеше адамның тез арада шығып, қызыл жалынды ауыздықтауға арналған құралдарды іздегені видеоға түсіп қалған. Оқиға орнынан Бурабай аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция ротасының қызметкері Рүстем Кенжебаев өтіп бара жатқан. Ол төтенше жағдайды көрген бойда көлігін тоқтатып, өртті сөндіруге көмектескен. Бірнеше минутта тәртіп сақшысы жалынды ауыздықтап үлгерген. Өз кезегінде көлік жүргізушісі өртті өшіруге атсалысқан сержантқа алғысын білдірді. 23 жастағы Рүстем Кенжебаев ішкі істер саласында 2019 жылдан бері қызмет етіп жүр. https://www.youtube.com/watch?v=86VNw-IPXJc