Партиялық штабтың алғашқы жиыны өтті
Партиялық штабтың алғашқы жиыны өтті
166
оқылды
Кеше «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының ат­қарушы хатшысы Бибігүл Аққожинаның төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау үшін облыстық партиялық штабтың ал­ғашқы жиыны өтті. Жиынға облыстық мәслихаттың депу­тат­тары мен зиялы қауым өкілдері, жастар қанаты мен партия қыз­меткерлері қатысты. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конс­титуцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Бұл – Екін­ші Республиканың сая­си іргетасы. Президенттің осы тарихи ше­шімдері – Жаңа әрі Әділетті Қазақстан құру жолында жасалған ірі қадам. Мұның бар­лығы саяси бәсекелестікті күшейтуге жол ашып, Қа­зақстан азаматтарына жаңа әрі тең мүмкіндіктер береді. Конс­титу­ция­ны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту – «Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген принциптің іс жүзінде орындалуының айғағы. «AMANAT» партиясы конс­титуция­лық рефор­­­маның маңызын терең түсіне оты­рып, алдағы ре­ферендумды өт­кізуді толық қол­дайды!», – деді атқарушы хатшы Б.Бүр­кітқызы. Саяси ұйым реформа өткізуге байла­ныс­ты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру үшін рес­публикалық және 17 өңірлік штаб құр­ды. Бұл жұмысқа Парламент пен мәслихат­тар­­дағы фракция депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет пен спорт қай­рат­керлері, жастар қанаты мен өңірлердегі фи­лиалдар атсалысады. Партия мүшелері өңір­лерде және шалғай елді мекендерде сай­лаушылармен кездеседі.