Каспийге құйылып жатқан лас судан сынама алды
Каспийге құйылып жатқан лас судан сынама алды
Фото: EcoMedia каналынан алынды
244
оқылды
Каспий теңізіне құйылып жатқан қара сұйықтықтың құрамы тексеріледі. Бұл туралы EcoMedia Telegram арнасы хабарлады.
«Маңғыстау облыстық Экология департаменті осы факті бойынша жедел әрекет ету мақсатында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ға тиесілі ЖЭО-1 аумағына барды. Тексеру барысында атмосфералық ауа сынамалары алынды. Сондай-ақ су жинау каналындағы судан да сынама алынды, оның нәтижесі тексеріліп жатыр» делінген ресми мәлімдемеде.
Судан алынған сынаманың талдау нәтижесіне қарап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім шығарылады.