Сенсация: Бивол "Канелоны" жеңді
Сенсация: Бивол "Канелоны" жеңді
Фото: Яндекс
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO)  WBA Super титулының иегері, ресейлік Дмитрий Биволдан (19-0, 11 КО) жеңілді.  Жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өтті, – деп хабарлайды Vesti.kz. 12 раундқа созылған жекпе-жек  соңында Бивол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Бұл – Альварестің кәсіпқой бокстағы екінші жеңілісі. Ал әлі жеңіліп көрмеген Бивол 20-шы жеңісіне қол жеткізді.