Қошқарбаев пен Булатовтың Рейхстагқа Ту тіккенін растайтын құжаттар Қазақстанға жеткізілді
Қошқарбаев пен Булатовтың Рейхстагқа Ту тіккенін растайтын құжаттар Қазақстанға жеткізілді
Фото: facebook Әскери-тарих музейі
465
оқылды
Қазақстан Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан алынған құжаттар жеткізілді. Ведомство әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім еткендей, мұны құжаттанушы, сарапшы Ақмарал Баталова тапсырды.
«Бұл мұрағаттық құжаттар 1945 жылдың 30 сәуірінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың Рейхстаг қасбетіне Жауынгерлік Туды тігу туралы ерлігін растайды. Құжаттардың өскелең ұрпақты Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерлігі мысалында әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеуде маңызы зор», – деп жазылған хабарламада.
 width=  width=  width=