Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті өмірден өтті
Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті өмірден өтті
194
оқылды
Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті Любов Худов 76 жасқа қараған шағында қаза тапты. Бұл туралы Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ақеркін Ералиева әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. «Любовь Николаевна тоқыма өнеркәсібінің патриоты, көп ұрпақтың ұстазы, тігін өндірісінің көшбасшысы болды. Ол өте әдепті, адал, әділ және кәсіби адам еді», - делінген автордың жазбасында. Худова Любовь 1946 жылы 28 қарашада Түркіменстанның Мары қаласында дүниеге келген. Ташкент тоқыма институтының механика-технология факультетін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. 2003 жылдан бері Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығын басқарады.