Канело мен Биволдың жекпе-жегінің толық бейнежазбасы шықты
Канело мен Биволдың жекпе-жегінің толық бейнежазбасы шықты
296
оқылды
Мексикалық Сауль Канело Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол жекпе-жегінің толық бейнежазбасы жария болғанын жазды Vesti.kz. Боксшылар Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өткен бокс кешінде шеберлік сынасқан болатын. ақпарат көзінің мәліметінше, жекпе-жекте жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігі сарапқа салынып, оны ресейлік боксшы жеңіп алды. Альварес болса орта салмақтағы абсолют чемпион атағын сақтап қалды. "Жекпе-жек 12 раундқа созылып, жеңіс төрешілер бірауыздан қабылдаған шешім бойынша, Канелодан басым түскен Биволға берілді. Бұл нәтиже мексикалық пен қазақстандық GGG-дің үшінші жекпе-жек өткізуіне күмән туғызды", - деп хабарлады Vesti.kz.