Қызылордада болған атыстан үш адам қаза тапты
Қызылордада болған атыстан үш адам қаза тапты
233
оқылды
Қызылордада атыстан үш адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға 7 мамырда кешке болған.
«Ақмешіт жастарының» хабарлауынша, оқиға 7 мамыр күні кешке азық-түлік дүкенінің маңында болған. 1996 және 1993 жылы туған ер адамдар қайтыс болды. Үшіншісінің жеке басы анықталды. 1975 және 1999 жылы туған ер адамдар жараланған. Олар ауруханаға жеткізілді. https://www.youtube.com/watch?v=S68TBKDeKPM&feature=emb_title Аталған факті Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлімі бойынша («Адам өлтіру») тіркелді. Полиция ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, толық мәлімет бермеді.