Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел соғады
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел соғады
Фото: azattyq-ruhy.kz
163
оқылды
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел соғады, – деп хабарлайды  Қазгидромет. Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында - найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Қызылорда облысының солтүстігі мен батысында найзағай, дауыл, орталықта шаңды дауыл күтіледі. Облыс орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен батыстан соққан жел сақталады. Нұр-Сұлтанда 9 мамыр күні шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Ақмола облысының батысы мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында қатты жаңбыр жауады. Шығыстан соққан жел, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 25 метр. Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан, солтүстіктен, оңтүстіктен жел 17-22 метр, екпіні секундына 25 метр. Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан 15-20 метр жел соғады, екпіні секундына 25 метр. 9 мамыр күні Түркістан облысының таулы, тау бөктерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында - шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20, екпіні секундына 25 метр. Шымкентте күннің соңында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 метр жел соғады, екпіні секундына 25 метр.