Майк Тайсон Биволдан жеңілген Канелоға кеңес берді
Майк Тайсон Биволдан жеңілген Канелоға кеңес берді
Фото: Яндекс.кз
307
оқылды
Аты аңызға айналған Майк Тайсон мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО)  жеңілгеннен кейін мансабын аяқтау туралы ойлануға кеңес берді, – деп жазады Vesti.kz. Тайсон Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында болған рингтегі оқиғаларды бақылап отырған. Боксшылардың жекпе-жегі 12 раундқа созылды,  қорытындысы бойынша WBA Super нұсқасы бойынша титулды үшінші рет қорғаған Бивол жеңіске жетті. "Егер сіз рингке шықсаңыз және  қорықпасаңыз, онда қолғапты шегеге іліп қоятын уақыт келді", – деп жазды Тайсон. Айта кету керек, бұл Канело үшін екінші жеңіліс, ал Бивол әлі жеңілмеген.